Түрік спортшы Антарктикада сүңгіді

Түрік ғалымдармен бірге құрлыққа барған Ержүмен Антарктиканың Кинг Джордж аралында сүңгіді.

Түрік спортшы Антарктикада сүңгіді

Еркін сүңгуден әлемдік рекордсмен Шахика Ержүмен 3-ші Ұлттық Антарктика ғылыми экспедициясы аясында «ақ құрлықта» бірінші рет сүңгіп,  тарихқа атын жазғызды.

Өнеркәсіп және Технология министрлігі мен Стамбул Техникалық университеті Полярлық зерттеулер орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылған ғылыми экспедиция шеңберінде түрік командасының құрлықтағы жұмыстары басталды.

Түрік ғалымдармен бірге құрлыққа барған ұлттық спортшы Ержүмен де Антарктиканың Кинг Джордж аралында сүңгіді.

Экспедиция аясында зерттеу кемесінен қайықтармен мұхитқа түскен спортшыға алты адамдық команда серік болды.

Ержүмен артынан еркін түрде сүңгіді.

Түрік спортшы су температурасы 2 градус болған бір аймақта,  суыққа қарсы арнайы киім киместен 2 минут бойы сүңгіп шықты. Осылайша Ержүмен мұздай суда түрік байрағын желбіретіп, Антарктикада еркін сүңгіген тұңғыш түрік әйел спортшы болды.



Ұқсас жаңалықтар