Мысырда 40 мумия табылды

Мысырдың Минйе қаласындағы тарихи алаңда 40 мумия және басқа мазарлармен байланысқан 3 туннель табылды.

Мысырда 40 мумия табылды

Мысыр Ежелгі жәдігерлер министрі Халид Әл-Анани бас қала Каирде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Минйе қаласының Дунай Джебел аймағында 10 бала барлығы 40 мумия табылғанын жариялады.

Мысырлық археологтар тарапынан анықталған мазарлар 3 бөлек туннель табылғанын атап көрсеткен Анани мазарлардың жартастардың ішін ойып жасалғанын білдірді.

Мумиялардың кейбіреулерінің тас, кейбіреулерінің ағаш табыттарда екені, кейбіреулері болса табытсыз жерленгені хабарланды.

Қалған мазарлармен байланысқан 3 туннель мен мумиялардың қай дәуірге тиесілі екендері жайлы мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар