Ара Гүлер деректі фильмі Тегеранда

«Бұл әлем осындай әлем» деп аталатын деректі фильмнің премьерасы Иранның бас қаласы Тегеранда болды.

Ара Гүлер деректі фильмі Тегеранда

Журналист және фото тілші Джошкун Арал 40 жылдық достығы үшін фото тілші Ара Гүлер үшін деректі фильм дайындады.  «Бұл әлем осындай әлем» деп аталатын деректі фильмнің премьерасы Иранның бас қаласы Тегеранда болды.

Гүлердің туындылары үшін дайындалған «Ара Гүлер Юниверсал» жобасы шеңберінде ашылған «Жоғалған тарихтың естелігі» атты көрме аясында Тегерандағы премьераға ирандық өнер сүйер қауым үлкен ықылас танытты.

Деректі фильмде атақты фотограф Ара Гүлер, оның фотографиялары мен жеке өмірінің ерекше сәттері орын алады. Ол ел тарихындағы бетбұрыстармен дөк келген отбасы хикаясын балалық шағынан бастап баяндайды.

Деректі фильмді дайындаған Джошкун Арал деректі фильмнің премьерасының Тегеранда өткенін,  егер сұраныс келген жағдайда Түркия және басқа да елдерде өткізуге болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар