Түркияның БҰҰ-ға қосылуы

Бұларды білетін бе едіңіз?

Түркияның БҰҰ-ға қосылуы

Түркияның өз уақытының ең үлкен және ең маңызды халықаралық ұйымы болған Біріккен Ұлттар Ұйымына шақырылып, кіргенін білетін бе едіңіз?

1932 жылы Ататүрік басқа елдер кіру үшін өтініш жасап, жан ұшырған БҰҰ-на Түркияның тек шақырылса ғана кіретінін айтты.

Сыртқы істер министрі Тевфик Рүштү Арас 1932 жылғы 12 сәуір күні Женева қаласында ұйымдастырылған қарусыздану конференциясында бір баяндама жасап, Мұстафа Кемал Түркиясының бейбітшіл сыртқы саясатын түсіндірді. Ертеңіне Швейцарияның алдыңғы қатарлы «Journal de Geneve» газетінде Министр Арастың мына сөздері орын алды:

«Егер БҰҰ Түркияны өздеріне қосылуға шақырса, Түркия үкіметі мұны қуанышпен қабылдайды».

Міне, Түркия Республикасы өз уақытының ең үлкен халықаралық ұйымы болып табылатын БҰҰ-на бірауыздан шақырылып, 1932 жылғы 18 шілде күні мүше болды.


Этикеттер: Ататүрік , Түркия , БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар