Молдова матчы Ескишехирде болады

Бұл түрік құрамасының чемпионат барысында өз көгалында ойнайтын бірінші матчы болады.

Молдова матчы Ескишехирде болады

2020 Еуропа футбол чемпионаты іріктеуінде Н тобындағы Түркия-Молдова матчы Ескишехир қаласында ойналады.

Бұл түрік құрамасының чемпионат барысында өз көгалында ойнайтын бірінші матчы болады.

Түркия Футбол федерациясының хабарламасында «Жаңа Ескишехир стадионында 2019 жылдың 25 наурыз күні болатын Түркия-Молдова матчы Түркия уақытымен сағат 20-да басталады» деп айтылды.

Түрік құрамасы Жаңа Ескишехир стадионындағы бірінші матчын Молдовамен 2017 жылдың 27 наурыз күні ойнап, 3-1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Түрік құрамасы тобындағы алғашқы матчын Албанияда ойнайды.



Ұқсас жаңалықтар