Джемал Кашыкчы қастандығы деректі фильмге түсірілуде

Американдық актер Sean Penn сауд журналист Джемал Кашыкчы деректі фильмі үшін Стамбулға келді.

sean penn kasikci belgeseli1.jpg

Сауд журналист Джемал Кашыкчының (Хошогги) өлтірілуімен байланысты деректі фильм түсіретінін атап көрсеткен танымал актер қастандық жасалған Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығы алдында бейне көріністер түсірді.

Танымал актер Sean Penn Сауд Арабиясы Бас консулдығы алдына қорғаушылар да бар 10 адамнан тұратын топпен барды.

Полиция барьері артынан қысқа уақыт бейне көрініс түсірген Sean Penn кейін консулдық ғимараты алдына келіп, осы жерден де көрініс алды.

Сауд текті журналист Джемал Кашыкчы 2 қазан күні заңды неке жұмыстары үшін барған елінің Стамбул Бас консулдығында қастандыққа құрбан кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар