Түрік порттарына 10 айда туристік 247 круиздік кеме келді

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Түркиядағы 11 портқа барлығы 247 круиздік кеме келді.

Түрік порттарына 10 айда туристік 247 круиздік кеме келді

Түркиядағы 11 портқа жылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде аялдаған жалпы 247 кеменің 145-і Кушадасы портына аялдады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Түркиядағы 11 портқа барлығы 247 круиздік кеме келді.

Аталмыш кемелермен келуші турист саны 39 мың 153, кеткендер саны болса 45 мың 831, транзит жолаушы саны да 125 мың 102-ге ұласты.

Проценттік тұрғыдан қарағанда круиздік кемелердің 58,7 пайызы Айдынның Кушадасы ауданына келді. Қаңтар-қазан айлары арасында Кушадасы портына 145 кеме аялдады.

Кушадасы портына 10 мың 392 жолаушы келді, 17 мың 130 жолаушы кетті және транзит жолаушы ретінде 90 мың 896 қолданды.



Ұқсас жаңалықтар