"Чарлидің періштелері" Стамбулда түсіріледі

Фильмнің режиссерін Мәдениет министрі қабылдады.

"Чарлидің періштелері" Стамбулда түсіріледі

Бүкіл әлемде күтілген «Чарлидің періштелері 3» атты фильмнің Стамбулдағы түсірілімі басталды.

Фильмнің басшы актрисасы мен режиссері Элизабет Бэнксті ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой қабылдады.

Чыраған сарайында болған қабылдауда Бэнкс пен фильмнің продюссерлері министрге мәлімет берді.

Министр Ерсой атақты актрисаны Түркияда қонақ қылғандарына және жаңа фильмнің түсірілім мекендерінің бірі ретінде Түркияны таңдағандарына қуанышты екенін білдірді.

Элизабет Бэнкс те Түркияға келе жатып Түрік Әуе жолдарының қызметіне дән риза болғанын тілге тиек етіп: «Стамбул-тамаша жер.  Адам сенгісіз бір қала» деді.

Түсіріліп жатқан фильм келесі жылы қараша айында көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар