Түркия мен Словакия арасында мәдени ынтымақтастық

Түркия мен Словакия        арасында мәдениет саласында келісім жасалды.

Түркия мен Словакия арасында мәдени ынтымақтастық

Түркия мәдениет және туризм министрлігі мен Словакия мәдениет министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық келісімі жасалды.

Мәдениет және туризм министрлігі мен Словакия мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласында 2019-2023 жылдарды қамтыған ынтымақтастық келісімі жасалды.

Мәдениет және туризм министрі Нури Эрсой мен Словакия мәдениет министрі Лубика Лассакова «Баршаның пайдасы үшін» тақырыпты Үшінші әлем туризм және мәдениет конференциясында бас қосты. Екі министр бұл жерде 2019-2023 жылдарды қамтыған ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Рәсімде сөз сөйлеген Эрсой Лассакованы Түркияда күтіп алғанына риза болғанын айтып, «Қазіргі мәдени қарым-қатынастарымызды тіпті де ілгерілету үшін осы келісімге қол қойғаныма қатты риза болдым. Қазір қол қойылған келісім болашақ ұрпақ үшін де өте пайдалы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар