Бүгін Мәулід мерекесі

Мәулід мерекесі--Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған күнін тойлау рәсімі

Бүгін Мәулід мерекесі

Мәулід мерекесі--Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-ші күні тойланады.

Мәулід-араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары Әзіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.

Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Барлық пайғамбардың үмметі өз пайғамбарларының туған күнін тойлайды. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады.

Мәулід мерекесі Түркияда да тойланады. Қалың қауым мешіттерді толтырады.

Мәулід мерекесіне орай әйел-еркек, кәрі-жас демей баста Сұлтанахмет, Фатих, Еюп Сұлтан және Яуыз Сұлтан болып Стамбулдағы мешіттерді толтырады.

Мешітке келгендер намаз қылады, Құран Кәрім оқылады және діни өлеңдер айтады.

Түркия дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Мәулід мейрамына орай бір жолдама жариялады.

Ербаш жолдамасында Әзіреті Мұхаммедтің Алла тарапынан адам баласына жіберілген соңғы пайғамбары және барлық адам баласының жол көрсетушісі сардары екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар