Стэн Ли қайтыс болды

Өрмекші адам, Хулк және Темір адам секілді әлемге танымал кейіпкерлердің авторы дүниеден озды.

Стэн Ли қайтыс болды

Өрмекші адам, Хулк және Темір адам секілді әлемге танымал кейіпкерлердің авторы Стэн Ли 96 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Ли отбасының адвокаты Крик Шенк әлемге әйгілі кейіпкерлердің авторы,  «Marvel Comics» компаниясының құрушысы Стэн Лидің бүгін таңертең Лос-Анджелесте дүниеден өткенін хабарлады.

Бірақ ол Лидің өліміне байланысты егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Стэн Ли 1922 жылдың 28 желтоқсан күні Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында дүниеге келген еді.



Ұқсас жаңалықтар