Калын жаңа кітабын танытты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның жаңа кітабы жарық көрді.

Калын жаңа кітабын танытты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын батыс қоғамының өркениет туралы сөзін тауыса бастағанын, Ислам әлемінің болса айтарға сөз іздегенін атап көрсетті.

Ибрахим Калынның жаңа «Barbar, Modern, Medeni» (Варвар, замандас, өркениетті) атты кітабының таныту жиналысы Стамбул Академия Бейоглунда ұйымдастырылды.

Жаңа кітабы жайлы мағлұмат берген Калын кітабының соңғы 100-150 жылдан бері күн тәртібінде болған мәдениет ұғымын қолға алғанын, сондай-ақ осы ұғымға талай зиян келтірілгенін атап көрсетті.

Калын әсіресе замандас кезеңде әрі соғыс шығару, әрі бейбітшілік орнатқысы келгендердің өркениет ұғымын қатты ұстанғанына назар аударды.

Калын 19-шы ғасырда Еуропа отаршылығын заңдастыру үшін өркениет ұғымын өте жиі қолданып кең таратқанын білдірді. Осыған үлгі ретінде Калын Ұлыбританияның Үндістанда Франция мен Бельгияның Африкаға бағытталған отарлау саясаттары ретінде «Біз сол жерге өркениет апарамыз» қауесетімен заңдастыруға тырысқанын атап көрсетті.

Калын «Отаршыл елдердің отарлап отырғандары жерлерден Еуропаға адамдарды әкеліп, үлкен эксполар мен кейін инсанат бақтары деп аталған хайуанат парктерінде оларды көрсетіп, 1840-1850 жылдарынан бастап Еуропаның бүкіл қалаларында инсанат бақтары құрғанын байқаймыз» деді.

Калын осы инсанат бақтарының соңғы үлгісінің болса 1958 жылы Брюссельде ашылғанын атап көрсетті.

Калын «Әсіресе адамның ‘болмыспен бейбіт болуы, өзімен және өзінің үстіндегі метафизикалық әлеммен бейбіт болуы, осы әлемде бейбітшілікті орнатудың негізгі ережесі’ дедік. Ақыл мен парасаттыққа сүйенген бір өркениет болса тек қана осы ережелер негізінде дамуы мүмкін. Қазір қараған кезде батыс қоғамдары өркениет жайлы айтатын сөздерін тауыса бастады, Ислам әлемі болса айтарға сөз іздейді. Осы ізденісінің бағыты, кепілі қалай болуға тиісті, осы ізденісті қалай жалғастыру керек? Осы сұрақтарға кітабымызда жауап іздедік» деді.



Ұқсас жаңалықтар