Троя мұражайы ашылды

Мұражайға кіру ресми түрде ашылғанға дейін 10 күн тегін болады.

Троя мұражайы ашылды

Чанаккаледе 5 мың жылдық Троя ежелгі қаласында құрылысы аяқталған Троя мұражайы қызметке берілді.

Мәдениет және туризм министрлігі жариялаған байқау аясында 2014 жылы басталған мұражай құрылысы биыл тамамдалды.

Тевфикие ауылы территориясындағы Троя байырғы қаласындағы мұражайдың ашылуы үшін Археология мұражайындағы жәдігерлердің көшірілуі жұмыстары жүргізілді.  

Қала орталығындағы мұражайдан көшірілген жәдігерлерді мамандар сараптап,  дайындалған орындарына орналастырды.

Жаңа мұражайда 3 мың шаршы метрлік көрме залдары қамтылған. Мұражайға кіру ресми түрде ашылғанға дейін 10 күн тегін болады.



Ұқсас жаңалықтар