Даун синдромы бар спортшылардың табысы

Даун синдромы бар спортшылар медальмен оралды.

Даун синдромы бар спортшылардың табысы

Даун синдромы бар спортшылар Португалиядағы Әлем біріншілігінде үш алтын,  үш күміс және бес қола медаль алды.

Португалияда 2-7 қазан күндері аралығында өткен Даун синдромы бар азаматтар арасындағы Әлемдік атлетика және үстел теннисі чемпионатында атлетикада Али Топалоғлу, Дилара Челик, Мерве Узун, Рыдван Ялчын және Фуркан Демир,  үстел теннисінде Ерман Четинер, Енес Йылмаз, Бенай Балджы және Мерве Пекер сайысты.

Атлетикада Али Топалоғлу 100 метрде алтын, ядро лақтыруда алтын,  диск атуда күміс және 400 метрде күміс, Дилара Челик диск атуда алтын, ядро лақтыруда қола, 40 метрде қола,  100 метрде қола,  Мерве Узун ұзындықтан секіруде қола,  үстел теннисінде әйелдер жұп жарысында Мерве Пекер-Бенай Балджы күміс медаль,  жұп ерлерде Ерман Четинер-Енес Йыдмаз қола медал иеленді.



Ұқсас жаңалықтар