Сеулде Халықаралық Фейерверк Фестивалі болып өтті

Биыл 16-шы рет ұйымдастырылған фестивалға шамамен 700 мың адам қатысты.

1063960
Сеулде Халықаралық Фейерверк Фестивалі болып өтті

Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеулде ұйымдастырылған 16-шы Халықаралық Фейерверк (отшашу) Фестивалі керемет көріністерге сахна болды.

Жыл сайын қазан айының алғашқы аптасы ұйымдастырылған фестиваль биыл да Сеулдегі Йеоуидо (Yeouido) паркінде жүзеге асты.

Шамамен 700 мың адам қатысқан іс-шаралар аясында Испания, Канада және Оңтүстік Корея топтары отшашу тамашасын ұсынды.

Іс-шара бойынша Хан өзені үстіне құрылған платформадан 100 мың фейерверк жағылды.

Көгілдір аспандағы әртүрлі көріністерді тамашалаған азаматтардан кейбіреулері паркте құрғандары шатырларда таң аттырды.

Сеул Халықаралық Фейерверк фестивалі 2000 жылынан бері жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар