Эммиге Түркиядан үш кандидат

Екі телесериал Теленовелла аталымына кандидат ретінде көрсетілді.

1058386
Эммиге Түркиядан үш кандидат

Америка Құрама Штаттарында 46-шы мәрте өткізілетін халықаралық Эмми сыйлығына биыл Түркиядан үш кандидат шықты.

Режиссер Зейнеп Гүнай Тан және Дениз Колоштың «Стамбулдық келін» телесериалы «Теленовелла» аталымында кандидат ретінде көрсетілді.

2017 жылы көрсетілімі аяқталған «Батыл мен сұлу» сериалы да осы аталымда кандидат болды.

Теленовелла аталымында өткен жылы Түркиядан «Кара Севда» сериалы сыйлық алған болатын.

Осы арада «Сөз» телесериалының басты рол актері Толга Сарыташ Үздік актер аталымында кандидат.

Марапат кеші Нью-Йорк қаласында 19 қараша күні өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар