Түріксат Амстердамдағы «IBC 2018 көрмесіне» шақырылды

Халықаралық көрме Голландияның Amsterdam RAI конгресс орталығында 14 қыркүйек жұма күні басталады.

Түріксат Амстердамдағы «IBC 2018 көрмесіне» шақырылды

Türksat (Түріксат) Голландияның Амстердам қалдасында ұйымдастырылатын әлемнің алдынғы қатарлы трансляция технологиялары іс-шаралары арасында орын алған «IBC 2018 көрмесіне» қатысады.

Türksat АҚ жасаған мәлімдемеге қарағанда көрме Amsterdam RAI конгресс және көрме орталығында 14 қыркүйек жұма күні ашылады.

Көрмеде Түріксаттың жер серігі қызметі саласында жүргізген жұмыстары таныстырылады.

Коммуникациялық жер серіктері Türksat 4A (Түріксат 4A) және Türksat 4B (Түріксат 4B)-ге қоса жаңа коммуникациялық жер серіктері Türksat 5A (Түріксат 5A) және Türksat 5B (Түріксат 5B) жайлы мағлұмат берілмек.

Көрме аясында фирма нысанаға алған нарықтарда ықпалын маңызды мөлшерде арттыруға бағытталған кездесулер мен жиналыстар өткізуді жоспарлайды.

«IBC 2018 көрмесі» 18 қыркүйек сейсенбі күні аяқталады.

Жыл сайын ұйымдастырылған әлемнің барлық трансляция саласы көрмесі ретінде қабылданған іс-шаралар, бейне көрініс, теледидар технологиялары және трансляциямен байланысты мазмұн, өндіріс, басқару және тарату тақырыптарында жетік мамандардың басын қосады.



Ұқсас жаңалықтар