«SpaceX» ғарышқа коминикациялық жер серігі ұшырды

«Telstar 18 Vantage» атты жер серігі "SpaceX" тарапынан Канаверал әуе базасынан ұшырылды.

«SpaceX» ғарышқа коминикациялық жер серігі ұшырды

АҚШ-тың ғарыш кемесі мен зымыран өндіруші «SpaceX» фирмасы Канада жер серігі өндірушісі Telstat өндірген «Telstar 18 Vantage» атты коммуникация жер серігін ғарышқа ұшырды.

«Space.com» интернет парақшасында орын алған хабарға қарағанда жер серігі SpaceX өндірген «Falcon 9» зымыранымен АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал (Cape Canaveral) әуе базасынан ғарышқа ұшырылды.

Жер серігі ұшырылғаннан 32 минут өткен соң орбитаға кірді. «Falcon 9» зымырандары болса шамамен 8 минуттан кейін SpaceX фирмасының Тынық мұхиттағы адамсыз кеме платформасына қайтып оралды.

Telstat-тың жаңа жаһандық жер серігі желісінің үшінші бөлігі ретінде «Telstar 18 Vantage», Азия-Тынық мұхит аймағында Қытай, Моғолстан және Азия-Тынық мұхит аймағында орын алған басқа елдерге ауқымды қызмет көрсететін болады.



Ұқсас жаңалықтар