Ұлттық құрама Ресеймен ойнайды

Футболдан түрік құрамасы Ұлттар лигасындағы бірінші матчында бүгін Ресей құрамасымен ойнайды.

Ұлттық құрама Ресеймен ойнайды

Футболдан түрік құрамасы UEFA –ның ұлттық құрамалар деңгейіндегі жаңа организациясы Ұлттар лигасындағы бірінші матчында бүгін Ресей құрамасымен ойнайды.

Трабзон қаласындағы Медикал Парк стадионында болатын В лигасы 2-ші топ алғашқы матчы Түркия уақытымен сағат 21.45-те басталады.

Матчта Португалия Футбол федерациясынан төреші Артур Диас қазылық етеді.

Ұлттық құрамада жарақаттанған Гөкхан Гөнүл, Абдулкадир Өмүр және Өмер Байрам осы матчта ойнай алмайды.

Түрік құрамасы маусым айында Ресеймен ойнап, 1-1 есебімен тең түскен болатын.

Түрік құрамасы 10 қыркүйек күні топтағы екінші матчында қарсы көгалда Швеция командасымен сайысады.



Ұқсас жаңалықтар