TRT World Forum Стамбұлда ұйымдастырылады

TRT World Forum биылғы тақырыбы - 'Бөлшектенген жаһанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қайтадан ойлау'.

TRT World Forum Стамбұлда ұйымдастырылады

TRT World Forum биыл «Бөлшектенген жаһанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қайтадан ойлау» деген тақырыпта 3-4 қазан күндерінде Стамбұлда ұйымдастырылады.

Түркия Радио Теледидар мекемесінің (TRT) ағылшын тілде трансляцияға шыққан TRT World телеарнасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, TRT-нің актуальды, мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік шайқалыстарға шешімдер табу мақсаттымен алғашқысы өткен жылы ұйымдастырылған форум биыл да жаһандық мәселелерді талқылайды.

Көптеген елден 600-ден астам жоғары деңгейдегі саясат қайраткері, іскер, академик, активист, журналист, қоғам қайраткері, зиялы мен саясаттың негізін қалаушылардың қатысуымен «Бөлшектенген жаһанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қайтадан ойлау» тақырыбымен ұйымдастырылатын форумда екі күн бойынша жаһандық мәселелер талқыланады.

Бейбітшілік пен қауіпсіздік пікірталастарына үлес қосуды мақсат еткен форумда Ауғанстанның бұрынғы елбасы Хамид Карзай, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джак Страу, Әлем экономикалық форумы төрағасы Брге Бренде, Хорватия бұрынғы президенті Иво Жосипович, БҰҰ Сирия арнайы өкілі Фтаффан де Мистура, танымал журналист Рагех Омар, Томсон Рейтер қоры директоры Маникуэ Вилла мен Пәкістан Сыртқы істер министрі Хина Раббани баяндамашылар арасында орын алады.

Мәлімдемеде көзқарастарына орын берілген TRT Бас директоры Ибрахим Эрен TRT World Forum-ның биылғы тақырыбының жаһандық қауіпсіздік үшін көкжиектегі экономикалық және гео-стратегиялық пейзаждағы өзгерістер үшін бір тоғыс екенін атап көрсетті.

Өткен жылы алғашқысы ұйымдастырылған форумның танытуынан кейін барлық әлемнің ең абыройлы және жоғары қатысушы санымен маңызды жиналыстардың бірі ретінде қабылдана бастағанына назар аударған Эрен «Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлаған TRT World Forum-да жаңалықтарға тақырып болған гуманитарлық дағдарыстарды барлық егжей-тегжейімен бейтарап түрде қадағалау жауапкершілігін мойындап, әлемнің күн тәртібінде орын алған мәселелерге бағыттап, назар аударуды нысанаға алып отырмыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен өз саласының мамандарының жаһандық күн тәртіп жайлы шешімдер іздестіру және табуға басшылық жасайтын бір платформа құрдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар