Президент Еуропа чемпионы түрік садақшыны құттықтады

Президент Еуропадағы садақ ату чемпионатының жеңімпазы Ясемин Эжем Анагөзге құттықтау телеграммасы жолдады.

Президент Еуропа чемпионы түрік садақшыны құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропадағы Садақ ату чемпионатында алтын медальге қол жеткізген Ясемин Эжем Анагөзге құттықтау телеграммасы жолдады.

Президенттік аппараттың баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған ұлттық спортшы Анагөзді құттықтады.

Польшаның Легника қаласында ұйымдастырылған чемпионаттың ақтық сайысында даниялық қарсыласы Мая Жагермен жай атыстарды 5-5 тепе-тең аяқтаған соң жеңімпаздық үшін қосымша садақ атуда Анагөз қарсыласын артта қалдырып алтын медальге қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар