Түркиядағы 10 кемежайына 86 крейсер аялдады

Осы жылдың қаңтар-маусым мерзімінде Түркиядағы 10 кемежайына 86 крейсер аялдады.

Түркиядағы 10 кемежайына 86 крейсер аялдады

Крейсер туризмнің ең үлкен фирмалары MSC-ден кейін Norwegian Cruise, Royal Carribean және  Holland America Line де келесі екі жылғы бағытын Түркияға аударады.

Теңіз сауда басқармасының көрсеткіштері бойынша осы жылдың қаңтар-маусым мерзімінде Түркиядағы 10 кемежайына 86 крейсер аялдады.

Осы кемелердегі жолаушы саны 45 мың 917 адам ретінде тіркелді.

Мәдениет және туризм министрлігі де осы үлкен кемелердің түрік кемежайларына аялдауы үшін көп жұмыс істеді.

Азаматтық ұйымдар мен бірлескен серіктестіктер де таныстыру жөнінде қолдау көрсетті.

Осы талпыныстардың нәтижелерінде ең үлкен крейсердің бірі болған MSC 2019 жылының жазғы маусымынан бастап, Измир және Анталияға, Norwegian Cruise Line болса 2018 жылының күзгі маусымынан бастап, Кушадасына келетіндерін жариялады.

Осы жылдың алғашқы жартысында үлкен кемелермен Түркияға келген 45 мың 917 жолаушының 35 мың 89-ы Кушадасына келді.


Этикеттер: Кушадасы , туризм

Ұқсас жаңалықтар