Кападокияға қытайлық туристтер көп келуде

Қытайлық туристтер Кападокияға қаттты қызығушылық көрсетуде.

cinli turistler kapadokya.jpg

Түркия сұлу табиғаттары, мол тарихи құндылықтары және бай мәдениетімен  әлем туризмнің орталығы болуда.

Қытай Халық Республикасында 2018 жылдың «Түркия туризм жылы» деп жариялануына орай биыл қытайлық туристтер Кападокияға қаттты қызығушылық көрсетуде.

Пері мұржалары,  сайлары,  жер асты қалалары, шіркеулері, керуенсарайлары мен мәдени ғимараттарымен мыңдаған жылдық өркениеттің ізіне ие Каппадокия биыл көптеген қытайлық туристті күтіп алуда.

Каппадокия өңірі 1985 жылдан бері ЮНЕСКО Әлем мәдениет мұрасы тізімінде орын алуда.

Қытайдың Гуйяньг қаласынан келген Жиянг Хонг Йинг Кападокияның теңдессіз табиғи сұлулықтарына ие екенін білдіріп, «Биыл елімізде Түркия туризм жылы деп жарияланды. Қытай үкіметі туризм тұрғысынан Түркияны ұсынған соң мен де бұл жерге келуге шешім жасадым. Келіп тамаша табиғатты көргеніме өте қуаныштымын. Кападокия ойлағанымнан тіпті жақсы бір жер екен» деді.

Қытайдың Чаңша қаласынан келген Лю Дан Кападокияның бір туризм жаннаты екенін білдіріп,ұзақ жылдан бері осы жерге келгісі келгенін, сондай-ақ қазір қиялының жүзеге асқанын айтты.


Этикеттер: Кападокия , Қытай

Ұқсас жаңалықтар