Гулиев тағы бірінші орын алды

Түрік желаяқ Бриллиант лигасында тағы бір рет жеңімпаз атанды.

Гулиев тағы бірінші орын алды

Атлетикада 14 сатыдан тұратын Бриллиант лигасының алтыншы сатысы Швецияның бас қаласы Стокгольмде өткізілді.

200 метрде жүгіруден әлемнің соңғы чемпионы түрік желаяқ Рамиль Гулиев пен 400 метр кедергімен жүгіруде көптеген табысы бар Ясмани Копелло да жарысты.

Бриллиант лигасының Норвегиядағы бесінші сатысын бірінші болып аяқтаған түрік желаяқ Гулиев осы табысын Швецияда да жалғастырды.

200 метрде 19 секунд 92-лік дәреже алған 28 жасар спортшы осылайша бірінен соң бірі екінші рет жеңімпаз атанды.

400 метр кедергімен жүгіруде Ясмани Копелло болса үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар