Таэквондода тағы бір Еуропа чемпионы

Нафиа Куш 73 келіде алтын медаль алды.

Таэквондода тағы бір Еуропа чемпионы

Еуропа Таэквондо чемпионатының соңғы күнінде түрік спортшы Нафиа Куш 73 келіде алтын медаль алды.

Ресей Федерациясына қарасты Татарстанның бас қаласы Қазанда болған чемпионатта әйелдер арасында 73 келіде жарысқан Нафиа ақтық сайыста орыс қарсыласын 5-0 есебімен жеңді.

2016 жылы екінші орын алған түрік таэквондошы осылайша алғаш рет чемпион атанды.

Әйелдер +73 келіде Суде Булут қола медаль иеленді.



Ұқсас жаңалықтар