Түркия 2018 жылы кем дегенде 38 миллион турист күтеді.

2018 жылы Түркияға  Ресейден 6 миллион, Германиядан да 5 миллион туристтің келуі күтілуде.

933024
Түркия 2018 жылы кем дегенде 38 миллион турист күтеді.

Түркия 2018 жылы кем дегенде 38 миллион турист күтеді.

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Анкарада мәлімдемеде жасады. Куртулмуш мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының түрік туризміне болымсыз ықпал жасамағанын түсіндірді.

Куртулмуш «Операцияның табысты болуы Түркияның абыройын көтеруде. Бұл табыс туризм саяхат агенттіктері үшін жаңа бір серпіліс болып табылады» деді.

Түркияның 2018 жылы үшін кем дегенде 38 миллионға тарта туристті күтіп алатынын мәлімдеген Куртулмуш сектор өкілдерінің болжамдарынан тіпті көп болғанын айтты.

2018 жылы Түркияға  Ресейден 6 миллион, Германиядан да 5 миллион туристтің келуі күтілуде.

2017 жылы 32 миллион 400 мың шетелдік турист күтіп алған Түркия 26 жарым миллиард доллар кіріс түсірді.



Ұқсас жаңалықтар