Енді Алжирге көшетін болды

Жерар Депардье бұл жолы Алжирде тұратын болып шешті.

Енді Алжирге көшетін болды

Француз актер Жерар Депардье Ресейден кейін бұл жолы Алжирде тұратын болып шешті.

Депардье Францияда жарияланатын  "La Provence" газетіне берген сұхбатында Алжирге көшкісі келетінін айтты.

«Жақында Эрик Кантона секілді мен де Алжирде өмір сүремін. Алжир керемет ел болғандықтан таңдадым» деді ол.

Францияның 1830 жылы Алжирді басып алғанын меңзеген актер «Алжир халқы – 1830 жылы надан армия басып жаншыған ақылды халық» деді.

Францияда салық артқандықтан Бельгияға көшкен актер 2013 жылы да Ресей азаматтығын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар