Биыл Түркия туризмде рекорд жаратуы мүмкін

Куртулмуш 2017 жылы Түркияға 32,4 миллион турист келгенін айтты.

Биыл Түркия туризмде рекорд жаратуы мүмкін

Биыл Түркия туризмде рекорд жаратуы мүмкін.

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Бурдурға барды. Бурдурда сөйлеген сөзінде туризм секторындағы жаңалықтарды түсіндірді.

Куртулмуш 2016 жылымен салыстырғанда туризм секторының 2017 жылы керемет дамығанын атап өтті.

Куртулмуш 2017 жылы Түркияға 32,4 миллион турист келгенін, сондай-ақ 26 миллиард долларлық кіріс түсіргенін білдірді.

2018 жылымен байланысты Германия, Ұлыбритания, Ресей, Украина және басқа елдерден көп турист келетінін баяндаған министр Куртулмуш «Орташа есеппен өткен жылмен салыстырғанда сұраныстарда 40 пайыз арту бар» деді. 



Ұқсас жаңалықтар