Немістер Түркияны ұнатады

Түркия биыл неміс туристтер ең көп таңдаған елдер қатарына енді.

Немістер Түркияны ұнатады

Түркия биыл неміс туристтер ең көп таңдаған елдер қатарына енді.

Германияның алдыңғы қатардағы туризм фирмасы TUI тарапынан жасалған мәлімдемеде туризм маусымы басталған кезде Түркияда демалыс мақсатымен талап етілген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 70 пайыз артқаны білдірілді.

Фирма осы арту бойынша тек мамыр және қараша айлары арасында Анталияға саяхат ететін турист санына 100 мың адам қосылатынын баяндады. Гамбург, Ганновер, Франкфурт, Лейпциг,  Дюссельдорф, Кельн, Нюрнберг, Мюнхен және Штутгарт қалаларынан Түркияға тіпті көп турист келетінін баяндады.

TUI Германия туризм директоры Фтефан Баумерт жасаған мәлімдемесінде немістердің саяхат етуді өте жақсы көретінін айтып, «Немістер саяхат ете отырып басқа елді танығысы келеді. Жазғы маусымында бұны көре аламыз. 2018 жылғы жазғы маусым үшін қазірдің өзінде көп сұраныс бар» деді. 



Ұқсас жаңалықтар