Стамбулға 10 айда шамамен  10 миллион турист келді

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайыз артқанын көрсетеді.

847982
Стамбулға 10 айда шамамен  10 миллион турист келді

Мәдениет және туризм министрлігі Ататүрік және Сабиха Гөкчен әуежайдары және түрлі порттардан алынған мәлеміттерге сай Стамбулдың 2017 жылдың қаңтар-қазан маусымы деректерін жариялады.

Есепке қарағанда Стамбулға жылдың алғашқы 10 айында 9 миллион 120 мың 248 шетелдік турист келген.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайыз артқанын көрсетеді.

Өткен жылы осы кезеңде Стамбул қаласына 7 миллион 866 мың 433 адам келген еді.

Биылғы жылдың 10 айында келген шетелдік қонақтарды ұлттарына қарай бөлгенде, Стамбулға ең көп немістер келген.  Германиядан биыл Стамбулға 862 мың 453 адам келген.

Олардан кейін кезегімен Иран, Сауд Арабиясы,  Ирак және Ресей келеді.

Тізімнің алтыншы кезегінде Ұлыбритания, артынан Франция және сегізінші кезекте Америка келеді.



Ұқсас жаңалықтар