Әлемге белгілі екі алмас аукционда сатылды

Лондондағы бір аукцион үйінде біреуі 19, екіншісі 163 караттық әлемге белгілі екі алмас сатылды.

Әлемге белгілі екі алмас аукционда сатылды

Ұлыбританияның бас қаласы Лондондағы бір аукцион үйінде Франция королінің тәжіндегі «La Grand Mazarin» атты 19 каратты алқызғылт түсті алмас 14 миллион 500 мың долларға сатылды.

Сатып алушының кім екені жарияланбады.

Оңтүстік Үндістанның Голджонда аймағындағы бұрынғы кен шахтасынан шығарылған алмас 1661 жылы Франция королі 14-ші Луисге сыйға тартылған болатын. Сол уақыттан бері француз монархтарының тәждерінде қолданылды.

Бірдей аукционда 2016 жылы Анголада шығарылған және Америкада кесілген 163 каратты әлемнің саудаға қойылған ең үлкен ақ түсті алмасы да 33 миллион 700 мың долларға сатылды.



Ұқсас жаңалықтар