Анкарада "теріс үй"

Түркияның бас қаласы Анкарада бір кәсіпкер үлкен қаражатпен «теріс үй» салғызды.

Анкарада "теріс үй"

Түркияның бас қаласы Анкарада бір кәсіпкер үлкен қаражатпен «теріс үй» салғызды.

Туристік мақсаттағы осы үйге 100 мың қонақ келуі көзделіп отыр.

Кәсіпкер Мехмет Емин Гөрмез қаланың Чанкая ауданында теріс үйдің патентін алып,  керемет қылып салғызды.

Осы ерекше үйде перде, асхана жиһаздары, әжетхана, жатын бөлмесі,  сөрелер секілді бұйымдар үйдің төбесінде тұр.

Түркиядағы теріс үйлердің біріншісі 2015 жылы Анталияда, екіншісі биыл Анкарада ашылды.  Кәсіпкер үшіншісін Ескишехир, ал төртінші үйді Стамбул қаласында ашуды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар