Әлемде  көп саяхат жасалған 100 қала

Стамбул, Анталия, Эдирне және Артвин «Әлемнің ең көп саяхат жасалған 100 қаласы» тізімінде орын алды.

Әлемде  көп саяхат жасалған 100 қала

Стамбул, Анталия, Эдирне және Артвин «Әлемнің ең көп саяхат жасалған 100 қаласы» тізімінде орын алды.

Стамбул, Анталия, Эдирне және Артвин Халықаралық зерттеу фирмасы «Euromonitor International» тарапынан дайындалған «Әлемнің көп саяхат жасалған 100 қаласы» тізімінде орын алды.

Ұлыбританияның астанасы Лондонда өткізілген «Әлем туризм жәрмеңкесі» аясында жарияланған тізімде өткен жылы 21,2 миллион туристпен Тайландтың астанасы Бангкок бірінші орынды иеледі.

Мөлшермен 19.2 миллион туристпен Ұлыбританияның астанасы Лондон екінші орынды иелесе, 12 миллион 290 мың туристпен  Гонконг үшінші орынды алды.

Халықаралық зерттеу фирмасы «Euromonitor International» тарапынан дайындалған «Әлемнің көп саяхат жасалған 100 қаласы» тізімінде Стамбул  9 миллион 174 туристпен 15-ші орынды алды. Осы тізімде 29-шы орынды 6,1 миллион туристпен  Анталия, 68-ші орынды 2,8 миллион туристпен Эдирне,  85-ші орынды 2.4 миллион туристпен Арвин иееледі. 



Ұқсас жаңалықтар