Да Винчидің картинасы сатылады

"Салвадор Мунди" аукционға шығарылады.

Да Винчидің картинасы сатылады

Атақты суретші Леонардо да Винчидің «Еркек Мона Лиза» деп те аталатын «Әлемді құтқарушы» (Салвадор Мунди) атты туындысы аукционға шығарылады.

Christie's аукционы Да Винчидің «Салвадор Мунди» атты картинасының шамамен 100 миллион доллар ақшаға аукционға шығарылатынын білдірді.

Картинаның Гонгконг, Сан-Франциско, Лондон және Нью-Йорктағы көрмелерде көрсетілетінін хабарлаған ұйым туындыны қараша айының ортасында сатады.

Да Винчи 1500 жыл шамасында салынған картинасында көк және қызыл шапан киген, қолында шар ұстап тұрған Әзірет Исаны бейнелеген.

Аукцион ұйымы туындыны сататын кісі жөнінде мәлімет бермеді,  алайда оның еуропалық жеке коллекционер екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар