Аамир Хан: «Көптен бері Түркияға келгім келіп жүр еді»

Үнді актер, режиссер және продюссер Аамир Хан Анкараға келді.

Аамир Хан: «Көптен бері Түркияға келгім келіп жүр еді»

ТР Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен «Secret Superstar» атты жаңа фильмінің таныстырылуы мақсатымен Түркияда жүрген үнді актер, режиссер және продюссер Аамир Хан Анкараға келді.

Стамбулдағы кездесулерінен кейін бүгін Анкараға келген Ханды әуежайда жанкүйерлері қарсы алды. Қолдарында Ханның кітаптары және суреттерімен күткен қалың адам атақты актермен суретке түсу үшін бір-бірімен жарысты.

Хан осында олармен суретке түсіп,  кітаптарына қолтаңба қойды.

Хан: «Көптен бері Түркия және Анкараға келгім келіп жүр еді.  Ақырында келдім.  Мені шақырған азаматтарға алғыс білдіремін» деді.

Үнді актерді бүгін Тр Мәдениет және туризм министрі қабылдады.

Кешке ол жанкүйерлерімен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар