Әдебиет сыйлығының лауреаты белгілі болды

Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы Казуо Ишигуроға берілді.

Әдебиет сыйлығының лауреаты белгілі болды

Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы жапон текті ағылшын жазушы Казуо Ишигуроға берілді.

Ұлыбританияда тұратын Ишигуро романдарын да ағылшын тілінде жазады.

Жазушы Нобель Әдебиет сыйлығы аясында 1,1 миллион долларлық жүлде алады.

Ишигуроның 1989 жылы шыққан «The Remains of the Day» атты романы бойынша фильм түсіріліп, басты ролде Энтони Хопкинс ойнаған болатын.

Көркем фильм және теле сериалдар үшін сценарий де жазатын жазушының 8 кітабы жарық көрген.



Ұқсас жаңалықтар