Мерт Фырат - игі ниет елшісі

Түрік актер Мерт Фырат БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының игі ниет елшісі болды.

Мерт Фырат - игі ниет елшісі

Түрік актер Мерт Фырат БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының игі ниет елшісі болды.

Стамбулға келген БҰҰ-ның Тұрақты координаторы және UNDP Түркия өкілі Ирена Вожакова-Соллорано Мерт Фыраттың көп уақыттан бері БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасы аясында жұмыс істегенін білдірді.

UNDPның 50 жылдан бері Түркияда дамуға қолдау бергенін айтқан Ирена Вожакова-Соллорано «Мерт Фырат та екі жылдан көп уақыттан бері бізбен бірге жұмыстануда.  Сондықтан Мерт Фыратты БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының Түркиядағы игі ниет елшісі ретінде сайлау біз үшін қиынға соқпады.  Игі ниет елшісі ерекше болуы керек.  Яғни тұрақты даму пікірін өзіне мақсат етіп қойған азамат болуы керек» деді.

Түрік актер Фырат та Даму жөніндегі бағдарламаның Түркиядағы игі ниет елшісі болғанына қуанышты екенін айтты.  «Осындай жауапкершілік жүктелуі мені қатты тебірентті» деді ол.

Фырат осы міндеті барысында әсіресе қоғамдағы гендерлік мәселелер мен климат өзгерісі тақырыбына шоғырланатынын айтып: «Түркия көптеген оң қадамдарына байланысты әлемде көптеген жерде үлгі болып келеді,  бірақ біздің тақырыптарымыздың бірі Сириялықтар болады.  Әрі интеграция,  әрі бірге өмір сүру мәдениетіне шоғырланамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар