Түрік жаттықтырушы Жапонияны чемпиондыққа жеткізді

Волейболдан Азия әйелдер чемпионаты ақтық жарысында Тайландты 3-2 жеңген Жапония чемпион болды.

792367
Түрік жаттықтырушы Жапонияны чемпиондыққа жеткізді

Түрік жаттықтырушы Ферхат Акбаш жаттықтырған Жапония командасы Волейболдан Азия әйелдер чемпионаты ақтық жарысында Тайландты 3-2 жеңіп, чемпион болды.

Филиппиндердің бас қаласы Манилада ойналған матчта Тайланд алғашқы сайыстарды 2-0 аяқтады.

Кейін ес жинаған Жапония бірінен соң бірі бөлімдерден жеңіспен шығып,  3-2 жеңіп алтын медальге қол жеткізді.

Акбаш жаттықтырған Жапония бірінші орынды еншілесе, Тайланд екінші, О. Корея үшінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар