Рамиль Гулиев 200 метрде алтын медаль алды

Рамиль Гулиев еркектер 200 метрге жүгіруде әлем чемпионы болды.

Рамиль Гулиев 200 метрде алтын медаль алды

Рамиль Гулиев 200 метрде алтын медаль алды.

Жеңіл атлетикадан 16-ші Әлем чемпионатында Түркия атынан жарысқан Рамиль Гулиев еркектер 200 метрге жүгіруде әлем чемпионы болды.

Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған чемпионаттың 7-ші күнінде еркектер 200 метрге жүгіру финалы өтті.

Фенербахченің спортшысы Рамиль Гулиев 200 метрді 20,02 секундта жүгіріп өтті. Ол Түркияның қоржынына алғаш алтын медаль салып, атын тарихқа жазды.

ТРТ Спорт каналына мәлімдеме жасаған Гулиев осы табысқа жететініне өзінің кәміл сенгенін айтты.

Осы барыста Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Твиттер арқылы Рамиль Гулиевті құттықтады. Ердоған «Жеңіл атлетикадан 16-ші Әлем чемпионатында еркектер 200 метрге жүгіруде алтын медаль жеңіп алып баршамызды қуанышқа бөлеген Рамиль Гулиевті құттықтаймын» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар