Ақтық сайысқа шығады

Елиф Гүнери ақтық сайысқа, Бусеназ Чакыроғлу болса жартылай финалға көтерілді.

Ақтық сайысқа шығады

Италияда өтіп жатқан Әйелдер арасындағы бокстан Еуропа чемпионатында түрік спортшы Елиф Гүнери ақтық сайысқа, Бусеназ Чакыроғлу болса жартылай финалға көтерілді.

Түркия Бокс федерациясының хабарламасына қарағанда,  чемпионатта 81 келіде рингке шыққан Елиф Гүнери италияндық қарсыласын жеңіп, ақтық сайысқа жолдама алды.

Елиф ақтық сайыста грек қарсыласымен жұдырықтасады.

51 келіде бақ сынаған Бусеназ Чакыроғлу болса ширек финалде француз қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты. Бусеназ жартылай финалда болгариялық қарсыласымен жұдырықтасады.



Ұқсас жаңалықтар