Әлем чемпионы атанды

Түріктің желаяқ қызы әлем чемпионы болды.

Әлем чемпионы атанды

Кенияда болып өткен Жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында түрік желаяқ Мизгин Ай қыздар 100 метрде алтын медаль алды.

Халықаралық Атлетика федерациясы одағы тарапынан Найробиде ұйымдастырылған чемпионатта қыздар 100 метрде ақтық сайыста жарысқан 17 жасар Мизгин Ай әлем чемпионы атанды.

Түрік қызы жарыстан кейін «Әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында Түркияға қыздар 100 метрдегі тұңғыш алтынды алғаным үшін мақтаныштымын. Қатты таң қалып отырмын,  өзім де сенбеймін,  бақыттымын» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған ұлттық спортшы Мизгин Айға телефон шалып, құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар