Валенцияда түрік суретшінің көрмесі

«Анадолы даласынан көріністер» атты көрме Испанияның Валенция қаласында ашылды.

747738
Валенцияда түрік суретшінің көрмесі

Түрік суретші Ялчын Гөкчебағдың «Анадолы даласынан көріністер» атты көрмесі Испанияның Валенция қаласында ашылды.

L'Iber мұражайында 11 маусым күніне дейін ашық болатын көрменің беташарына Түркияның Испаниядағы өкілетті және төтенше елшісі Өмер Өнхон, Валенцияның жергілікті басшылары, кейбір депутаттар қатысты.

Беташарда сөз сөйлеген өкілетті елші Жерорта теңізінің «дос,  ыстық және тамаша қаласы Валенцияға келгеніне қуаншы екендерін» атап көрсетті.

Түрік суретші Гөкчебағ Түркияның, әсіресе Эгей және Орталық Анадолы аймақтарындағы ауылдық жерлердің көріністерін, мәдениетін суреттеген.



Ұқсас жаңалықтар