Алғашқы концерт Стамбулда

Қызыл Армия хорының апаттан кейін жаңа мүшелерімен шетелде бірінші концерті Түркияда өтеді.

700042
Алғашқы концерт Стамбулда

25 желтоқсан күні Сочи маңында құлаған Ту -154 ұшағында 64 мүшесінен айрылып қалған Қызыл Армия хорының апаттан кейін жаңа мүшелерімен шетелде бірінші концерті Түркияда өтеді.

Тұңғыш концертін 1928 жылдың 12 қазан күні берген, әлемдегі ең көне әскери оркестрлердің бірі болып табылатын Қызыл Армия хоры қаза тапқан жолдастары үшін 8 сәуірде Стамбулда концерт береді.

Хордың Түркиядағы өкілі Ахмет Екши 2015 жылы да Стамбулға келген аталмыш хордың бірінші концерт үшін Стамбулды таңдағанын айтты.

Апатта Валерий Халилов қайтыс болғаннан кейін оркестр дирижері болып Геннадий Саченюк тағайындалды.

Стамбулдағы концертке Дума Мәдениет комитетінің төраға орынбасары және депутат, Ресейдің мемлекеттік өнер қайраткері Иосиф Кобзон да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар