Үй өртеніп, 7 бала қаза тапты

Халифакста бір үйде өрт шығып, сириялық отбасының 7 баласы қаза тапты.

1148989
Үй өртеніп, 7 бала қаза тапты

Канаданың Нова Скотия штатының бас қаласы Халифакста бір үйде өрт шығып, сириялық отбасының 7 баласы қаза тапты.

Халифакс қаласы полициясы бір үйде таңға жақын өрт шыққанын,  7 баланың өртеніп өлгенін білдірді. Балалардың ең кішісі -  3 айлық нәресте.

Өртте балаларын құтқаруға тырысқан ата-анасы жарақат алды.  Олар ауруханаға жеткізілді.

Халифакс қалалық муниципалитет басшысы Майк Савадж «Біздің де жүрегіміз өртенді.  Дұғаларымыз отбасы және жақындарымен бірге» деді.

Өрттің себебі іздестірілуде.



Ұқсас жаңалықтар