2 университет санкция тізіміне алынды

Иранның екі университеті АҚШ тізіміне ілікті.

1147493
2 университет санкция тізіміне алынды

Иран Ғылыми зерттеу және технология министрі Мансур Гулами елдегі екі университеттің «ядролық салада ғылыми жұмыс жасағаны» себепті Америка Құрама Штаттарының санкция тізіміне алынғанын білдірді.

Иран ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  министр «Ядролық саладағы жұмыстарына байланысты Бехешти Университеті мен Санати Шериф Университеті санкция тізіміне алынды.  Еуропаға соңғы барғанымда екі университеттің санкция тімізінен шығарылуы үшін кездесу өткіздім» деді.

Халықаралық орталықтар мен Иран университеттері арасында бірсыпыра қате түсінік бар екенін білдірген министр Иранда кейбір университеттердің ядролық физика саласында жұмыс істеп,  осы тақырыпта мақала жариялауын шетелдердің қате пайымдағанын,  осы жағдайды өзгерту үшін жұмыстанғанын айтты.

Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі – АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресей мен Германия арасында «Ауқымды ортақ іс жоспары» деп аталған ядролық келісім 2015 жылдың 14 шілде күні Венада қол қойылған болатын.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп 2018 жылдың мамыр айында осы келісімнен бір жақты шығатындарын жариялап,  Иранға бағытталған санкцияларды сатылы түрде қайта бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар