НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеме жасады

Бас хатшы Столтенберг министрлердің қауіпсіздік тақырыбын қолға алатындарын айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Одақтастардың Орта ұашықтыққа арналғанн Ядролық Күштер келісімінен (INF) туындаған жауапкерліктерін орындауға бағытталған шақыруын жалғастыратынын білдірді. 

 Бельгияның астанасы Брюссельде екі күн жалғасатын НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы алдында мәлімдеме жасаған Бас хатшы Столтенберг министрлердің қауіпсіздік тақырыбын қолға алатындарын айтты.

Жиналыстың маңызды күн тәртіптерінің бірі де Ядролық Күштер келісімі (INF) болғанын білдірген Столтенберг:

"Ресейге аталмыш келісімнен туындаған жауапкерліктерін орындауға шақыруымызды жалғастырамыз" деп көрсетті. 

Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы аясында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесетінін хабарлаған Столтенберг мұның Ресеймен диалогті жалғастыру үшін тамаша бір орай болатынын атап көрсетті. 

Столтенберг министрлердің сонымен бірге қиыншылықтарды бөлісу тақырыбын да талқылайтынын білдіріп, одақтастардың қорғанысқа тіпті көп қаржы жұмсай бастағанын атап өтті.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг  соңғы екі жылда Еуропа мен Канаданың қорғаныс шығынына 41 миллиард доллар қосуының ризалық туғызғанын білдірді. 

Жиналыста НАТО-ның Ауғанстан, Ирак және Косовадағы міндеттерінің де күн тәртіпке келетінін айтқан Столтенберг Македонияның тұңғыш рет шақырумен жиналысқа қатысатынын хабарлады.

НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына Түркия атынан Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар қатысады. 

Жиналысқа байланысты отырыстарға қатысатын Хулуси Акар екі жақтылы кездесулер де өткізеді.

 



Ұқсас жаңалықтар