Ирандағы жанкешті шабуылда 27 әскер қаза тапты

Оқиғаның артынан Систан-Белуджистан губернаторлығы уәлаятта 3 күндік аза жариялады.

Ирандағы жанкешті шабуылда 27 әскер қаза тапты

Иранда Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты шекара жасақтары мінген автобусты нысанаға алған жанкешті шабуылда 27 әскер қаза тауып, 13-і жарақат алды.

Иран мемлекеттік арнасының хабарына қарағанда Систан-Белуджистан уәлаятының Захидан мен Хаш жолы үстінде Төңкеріс сарбаздары армиясы қызметкерлерін тасыған автобусты нысанаға алған жанкешті шабуыл жасады.

Төңкеріс сарбаздары армиясынан шабуылмен байланысты жасаған мәлімдемеде бомба тиелген көлікпен жасалған жанкешті шабуылда Төңкеріс сарбаздары армиясы құрлық күші Иерусалим штабына қарасты шекара сарбаздары мінген автобусты нысанаға алғанын білдірді.

27 төңкеріс сарбазы қаза тапқан шабуылда 13 әскердің жарақат алғаны білдірілді. Иран шабуылдың Израиль және империялық күштердің барлау ұйымдарының қолдауымен жасалғанын алға тартты.

Иранның ресми хабар агенттігі IRNA-ға қарағанда шабуылда 20 жауынгер қаза тауып, 20 әскер жарақат алды.

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми Систан-Белуджистандағы Төңкеріс сарбаздары армиясына бағытталған шабуыл себепті аймақ елдерін айыптады.

Касыми мәлімдемесінде «Иран халқының балалары осы шабуылдың кегін міндетті түрде қайтарады» деді.

Жанкешті шабуылды мойындаған «Джейшу-л Адл» атты ұйым оқиғада автобустағы 40 әскердің толығымен өлтірілгенін алға тартты. Ұйымның осы мәлімдемесіне ирандық лауазымдылар қазірше жауап қайтармады.

Оқиғаның артынан Систан-Белуджистан губернаторлығы уәлаятта 3 күндік аза жариялады.



Ұқсас жаңалықтар