Уран мен Нептун ғаламшарларында дауылды боранның көрінісі түсірілді

Хаббл Ғарыш телескобы Уран мен Нептун ғаламшарларының көрінісін түсірді.

Уран мен Нептун ғаламшарларында дауылды боранның көрінісі түсірілді

Хаббл Ғарыш телескобы Уран мен Нептун ғаламшарларындағы ірі дауылды боранның көрінісін түсірді.

Америка Авиация және Ғарыш агенттігінен (NASA) жасалған мәлімдемеде Хаббл Ғарыш телескобы түсірген соңғы көріністерде Нептунда қою ірі дауылды боранның анықталғаны білдірілді.

Нептунда анықталған дауылдың  Америка Құрама Штаттары жер көлемінің екі есесіндей үлкендікте болғаны да анықталды.

Уранның солтүстік үйегінің де "Жарқыраған ірі дауылды боран бұлттарымен" қапталғаны  білдірілді.

Нептунның түрліше өңірлеріндегі дауылдардың 4 немесе 6 жылда бір кездесетіні және мөлшермен 2 жылдан кейін жоғалып кететіні атап көрсетілді.

Америка Авиация және Ғарыш агенттігі НАСА-ның  Еуропа Ғарыш  агенттігі  (ESA) және Ғарыш Телескобы ғылыми иниститутымен (STScl) ортақ дамытқан Хаббл Ғарыш телескобы 1990 жылдан бері Жер орбитасында ғарышты бақылау жұмысын атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар