Әуе кеңістігін жапты

Бельгия 24 сағатқа әуе кеңістігін жапты.

Әуе кеңістігін жапты

Бельгия жұмысшы кәсіподақтарының бүгінгі ереуілінің рейстерге әсер етуіне байланысты әуе кеңістігін 24 сағатқа жапты.

Бельгия Әуе қатынастар бақылау мекемесінің хабарламасында, кеше жергілікті уақытпен сағат 22-ден бастап бүгін сағат 22-ге дейін ел әуе кеңістігінің рейстерге жабық болатыны білдірілді.

Сонымен қатар ел көлемінде пойыз, қоғамдық көлік,  полиция,  пошта және медицина қызметтеріне де ереуілдің әсер ететіні болжалуда.

Бельгияда бір мезгілден бері жұмысшы мен жұмыс берушілер арасында жалғасып жатқан келіссөз сәтсіз аяқталған еді.  Осыған орай жұмысшы кәсіподақтары 13 ақпан күні бір күн ереуіл жасауға шешім берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар