Сирияда режим мен оппозиция тұтқындарды алмастырды

Сирияда Башар Асад күштері мен қарулы оппозиция өзара жиырмадан тұтқынды босатты.

Сирияда режим мен оппозиция тұтқындарды алмастырды

Сирияда Башар Асад күштері мен қарулы оппозиционерлер Астана кезеңі аясында жиырма-жиырмадан тұтқынды бірдей уақытта еркін жіберді.

Түркия, Ресей және Иран арасында 14 ақпан күні Сочи қаласында өтетін саммит қарсаңында режим мен оппозиционерлер Түркия мен Ресейдің кепілгерлігінде Баб ауданының оңтүстік майдан желісіндегі Әбу Зиндин аймағында өзара жиырма-жиырмадан тұтқындарды алмастырды.

Режим 20 ер адамын алса, оппозиционерлер 20 ересекке қоса талап еткен 2 баланы да алды.

Астана келісімімен құрылған Кепілге алынғандар үшін жұмыс тобының ‘уақытша жоба’ ретінде символдық алмастыру 30-31 шілде күні Сочиде ұйымдастырылған 10-шы Кепілгерлер жиналысында шешім қабылданған болатын.

Алғашқы тұтқындарды алмастыру 2018 жылы 24 қараша күні он-оннан адамның еркін жіберілуімен жүзеге асқан болатын.

Асад режимі түрмелерде кем дегенде 500 мың адамды ұстауда.

Алмастырудың Түркияның гуманитарлық дипломатия жұмыстары аясында басқан қадамдардың нәтижесі екені атап көрсетілуде.



Ұқсас жаңалықтар